Президент екі күндік жұмыс сапарымен Түркияға келді
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммитіне қатысу үшін екі күндік жұмыс сапарымен Ыстанбұл қаласына келді.
Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли желідегі парақшасында жазды.
Мемлекет басшысы сапар барысында бірқатар елдердің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізеді деп жоспарланған.