Президент: Демалыс дегенді ұмытыңдар!

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шенділерге «демалыс дегенді ұмытыңдар» деді.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Жаздың жартысы өтті. Министр болсын, әкімдер болсын, Президент аппаратының қызметкерлері болсын, ешқандай демалысқа шықпайды. Өйткені жағдай төтенше. Демалыс деген сөзді ұмытыңдар», ­­– деді Қ.Тоқаев.