3 октября 2022 г. 14:44
«Президент болғысы келетін» Мейрам Қажыкен кім?
«Аманат» Қазақстанның кәсіподақтар достастығы алдағы президент сайлауына кандидат ұсынды. Ол – Мейрам Қажыкен.
Астана, NEGE. Кәсіподақтар достастығының орталық және атқарушы комитеттерінің отырысында осындай шешім қабылданыпты.
Мейрам Қажыкен «Астана» халықаралық ғылыми кешені экономикалық зерттеулер институтын басқарады екен. Бұған дейін де ол қоғамды зерттеу институттарының біріне жетекшілік жасаған.
Кандидаттың өмірбаянында оның жасы 61-де екені айтылады. Павлодар облысының тумасы. Қазақ және орыс тілдерін біледі. 2003-2005 жылдары Премьер-министр Даниал Ахметовтің кеңесшісі болған.