Президент бір жылдың ішінде 100-ге жуық заңға қол қойған
Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып сайланғанына тура бір жыл. Осы аралықта Мемлекет басшысы 100-ге жуық заңға қол қойды.
Алматы, NEGE. Еліімізде браконьерлер мен педофилдерге қатысты қолданылатын жаза күшейтілді. «Митинг» туралы жаңа заң қабылданды. Киік біткенге қырғидай тиетіндер қаптаған еді. Былтыр 47 браконьер қолға түскен. Аңдарға аяушылық танытпағандар абақтыға жабылды. Дүние-мүлкі түгел тәркіленді. Содан болса керек, қару асынатындардың қатары сиреген. Арқада ақбөкендер құралайын өргізіп, өріс таңдап жүр.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: "Біз елімізді реформалаудың жаңа кезеңіне қадам бастық. Осы маңызды міндеттерді сапалы орындауымыз керек. Еліміздің әрбір тұрғыны оң өзгерісті сезінуі тиіс. Мен мемлекеттік органдардан жұмысты жедел атқарып, нақты нәтижеге қол жеткізуді талап етемін. Қолданыстағы заңдар Президент тапсырмасына сай жыл сайын жетілдіріліп келеді. Қазір күн тәртібіндегі әлеуметтік, сондай-ақ құқықтық салаларға қатысты заңдарға толықтырулар мен өзгерістер енгізу мәселесі қарастырылып жатыр" деді.