Президент БАӘ Премьер-министрінің орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесті

Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Премьер-министрінің орынбасары шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаянмен кездесті.

Алматы, NEGE. Кездесу барысында Мемлекет басшысының БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид әл Нахаянмен бүгінгі келіссөзінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері талқыланды.

Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Әмірліктер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынасты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.

Сондай-ақ экономиканың түрлі саласындағы бірлескен бастамалар мен жобаларды жүзеге асыру жұмысын жандандыру қажет екеніне назар аударылды.

Қазір оқып жатыр

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр

Ақтөбе облысында қызметінен кеткен әкім өлі күйінде табылды

Қарулы күштерді және әскери мекемелерді түбегейлі реформалау керек – Тоқаев

Бюджетті қуанта бермек. «Altyn Bank» салығы өссе де, пайдасы НЕГЕ артпады?