Президент азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру туралы заңға қол қойды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтық процестік заңнаманы жетілдіру және дауларды соттан тыс және сотқа дейінгі реттеу институттарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Нұр-Сұлтан, NEGE. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.