Президент азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аударуға тапсырма берді

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ақпараттық саясат саласындағы жұмыстардың тиімділігін арттыруды тапсырды, деп хабарлады Ақорда.


Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваны қабылдады. Қазақстан Президентіне министрліктің атқарып жатқан жұмысы және таяу болашақтағы жоспарлары туралы баяндалды. Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шараларға және азаматтық қоғамды дамытуға баса назар аудару қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ халықпен кері байланыс жұмысын күшейту, мемлекеттік ақпараттық тапсырыс нормаларын жетілдіру, мемлекеттік медиаресурстарды оңтайландыру, салалық журналистиканы дамыту мәселелері де қозғалды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Аида Балаева Қасым-Жомарт Тоқаевқа жақында құрылған Этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитет пен Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының міндеттері жайында мәлімет берді.
Президент ақпараттандыру және қоғамдық даму бағытындағы жұмыстардың тиімділігін арттыру жөнінде тапсырма берді.

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды