Президент ауыс-түйіс жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кадрлық өзгерістер жасады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматы. NEGE. Мемлекет басшысының өкімдерімен Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасы Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды. Қайрат Иматұлы Сүнтаев Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары қызметіне тағайындалды.