Президент Ашхабадта Каспий маңы елдері басшыларының саммитіне қатысады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадта өтетін саммитке қатысады.

Алматы, NEGE. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 29 маусымда Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

«Бүгін Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығын басқару жөніндегі кеңестің отырысын өткізеді;

29 маусымда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий маңы елдері басшыларының Ашхабадта (Түрікменстан) өтетін алтыншы саммитіне қатысады;

30 маусымда Президент Ақорда резиденциясында Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің кезекті отырысын өткізеді» делінген Президенттің қатысуымен өтетін осы аптадағы іс-шаралар аңдатпасында.

Қазір оқып жатыр

Баян Алагөзова Меруерт Өтекешоваға пәтер сыйламақ

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды