28 октября 2023 г. 11:02

Президент «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды

Фото:
Мемлекет басшысы Қарағанды облысында кеншілердің қаза табуына байланысты көңіл айтты

.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтадағы өрт салдарынан қаза тапқан кеншілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі.

Мемлекет басшысы Үкіметке кеншілердің отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін үкіметтік комиссия құрылды.

Үкіметке «АрселорМитталТеміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату тапсырылды.

Қарағанды облысында Костенко атындағы шахтадағы өрт фактісі бойынша тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргiзу кезiнде қауiпсiздiк қағидаларын бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (Қылмыстық Кодекстің 277-бабының 3-бөлігі).

Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды, оның құрамына құқық қорғау органдарының неғұрлым тәжірибелі қызметкерлері мен ТЖМ мамандары енгізілді.

Жергілікті жерде тергеу жұмысын Бас Прокурордың бірінші орынбасары Тимур Тәшімбаев пен ІІМ Министрінің орынбасары Қайрат Сүнтаев үйлестіруде.

Жарылыс кезінде шахтада 252 адам болған. 205 адам жер бетіне шығарылды, 11 адам қаза тапты. 18 адам ауруханаға жеткізілді. Қаза тапқандар саны әлі де өсуі мүмкін.

Тегтер: