Президент Алматы әкімінің қаланы абаттандыру жөніндегі жобаларымен танысты

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматыдағы жұмыс сапары қаланы абаттандыруға бағытталған жобалармен танысудан басталды, деп хабарлайды Ақорда.

Алматы, NEGE. Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысына қаланың полиорталық моделін қалыптастыруды көздейтін «Жаңа Алматы» бағдарламасы туралы баяндады. Бұл жоба қала тұрғындары үшін өмір сүруге қолайлы жағдай жасап, олардың еркін демалуына жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға бағытталған.

Мемлекет басшысы әкімнің есебін тыңдағаннан кейін барлық жобалар қалада қауіпсіз орта қалыптастырып, шаһардағы өсімдіктер қорын сақтап қалуға бағытталуы қажет екенін атап өтті. Президент құрылып жатқан жаңа саябақтар жергілікті тұрғындардың демалысына ыңғайлы болуы керек деп есептейді.

Қасым-Жомарт Тоқаев жалпы қалада жүргізіліп жатқан жұмыстарға оң баға берді. Қала басшысына әр ауданда тұрғындардың демалысы мен еркін жүріп-тұруына қолайлы заманауи алаңқайлар салуға көңіл бөлуді тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды

Астанадағы плац-концертте «Арланнан» түтін шықты

Әшімбаев, Қошанов пен Бектенов соғыс құрбандарының рухына тағзым етті