Президент: Алматы – экономикамыздың басты қозғаушы күші

Ақорданың ресми сайтында Мемлекет басшысының Алматы қаласын одан әрі дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзі жарияланды.

Алматы, NEGE. Құрметті кеңеске қатысушылар! Биыл – Егемен ел болғанымызға 30 жыл. Осы уақыттағы табыстарыңыз тәуелсіздіктің тал бесігі – Алматымен тығыз байланысты. Тәуелсіздігіміз Алматыда жарияланды. Сондықтан бұл шаhардың тарихи рөлі айрықша. Қазір Алматы – экономикамыздың басты қозғаушы күші. Сонымен бірге мұнда бизнес саласы жақсы дамыған. Бірақ пандемия кезінде әлемдегі барлық ірі қалалардың іскерлік белсенділігі төмендеді. Алматы да осы қиындыққа тап болды. Жалпы қала тұрғындары бұл сынаққа лайықты төтеп беруде. Ерте ме, кеш пе, індеттің беті қайтатыны анық. Кез келген дағдарыстан кейін экономика қайта жанданып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады. Сондықтан біз қазірден бастап шаһарды және тұтас елімізді одан әрі өркендету жайын ойластыруымыз керек. Бүгін Алматыны дамытудың түрлі бағыттары бойынша бірнеше баяндама тыңдалды. Тиімді ұсыныстар да болды. Бірқатар өзекті мәселелер көтерілді. Соған сәйкес тиісті жұмыстар жүргізіледі деп ойлаймын.

Енді алдағы кезеңдегі негізгі міндеттерге тоқталайын. Алматыны жан-жақты дамыту мәселесі әрқашан біздің жіті назарымызда. Осыған дейін бірнеше арнайы жиын өткіздік. Менің берген тапсырмаларымның басым көпшілігі қазір орындалып жатыр. Дегенмен, олқылықтар әлі де бар. Бүгін соның бәрін қайта талқылап, шара қолдану үшін жиналып отырмыз.  Баршамызға ортақ негізгі міндет – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту. Бұл үшін азаматтарды жұмыспен қамтып, табысын арттыру басты назарда болуы қажет. Қаланың ұзақ мерзімге арналған даму стратегиясына сәйкес, Алматы өмір сүруге қолайлы және жалпыға бірдей тең мүмкіндік беретін қалаға айналуға тиіс. Осы мақсатқа жету үшін мына мәселелерді шешу аса маңызды.

Қазір оқып жатыр

Дубай соты қазақстандық бизнесмендерге 950 мың доллар айыппұл салды

Астана тұрғынының пәтерінен 20 мың доллар мен зергерлік бұйымдар ұрланды

Қазақстанның мемлекеттік қарызы бір тоқсанда 400 млрд теңгеге жетті

Чемпиондар вагоны: қарағандылық бишілер желіні тәнті етті