1 сентября 2023 г. 15:11

Президент Әкімшілігінің құрылымы қайта құрылды

Фото:

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрылымын қайта құру туралы Жарлыққа қол қойды.  

Алматы, NEGE. Осы құжатқа сәйкес Президент Әкімшілігінің жаңартылған құрылымына келесі лауазым иелері кіреді:

– Президент Әкімшілігінің Басшысы; Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;

– Президент Кеңсесінің Бастығы;

– Президенттің көмекшілері;

– Президенттің кеңесшілері;

– Президент Әкімшілігінің бөлімдері.  

Жарлыққа сәйкес:

– ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері бойынша;

– экономикалық мәселелер бойынша;

– халықаралық мәселелер бойынша;

– құқықтық мәселелер бойынша;

– ғылым және инновация мәселелері бойынша Президенттің көмекшілері лауазымдары енгізіледі.  

Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары лауазымдары жойылады. Сондай-ақ Президент Әкімшілігінің төрт бөлімі қысқарды.

Тегтер: