Президент әкімшілігінде кадрлық ауыс-түйіс болды
Президент әкімшілігінде кадрлық өзгерістер болды.
Алматы, NEGE. Ақпаратты Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мұрат Қалибекұлы Баймұқашев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Қанатбек Бақытұлы Жайсаңбаев Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Өтініштерді қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды;
Руслан Мұхтарұлы Тұрғаналы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік қызмет бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Алексей Дмитриевич Калайчиди Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Расул Қабдоллаұлы Оразғұлов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;
Айдын Жеңісұлы Құлсейітов Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды;