Президент агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

ҚР Президент Қасым-Жомарт Тоқаев агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады.

 Алматы, NEGE.  «Агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Бұл – Қазақстанның экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар сала. Ауыл шаруашылығына озық технологияларды енгізіп, сектордың бәсекеге қабілеттілігін арттыру – мемлекеттің басты міндеті», деп жазды Президент Twitter -дегі парақшасында.

4Еске сала кетсек, қарашаның үшінші жексенбісінде ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні аталып өтеді.