Президент Жәнібек Әлімханұлын чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады

Бұл жайлы ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлын орта салмақта WBO және IBF тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулерін сәтті қорғауымен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев спортшының жоғары деңгейдегі шеберлігі мен табандылығы, туған жерімізде ел намысын абыроймен қорғауы баршамыз үшін зор мақтаныш екенін атап өтті.

Президент Жәнібектің бұдан да үлкен жеңістерге жете беруіне тілектестік білдірді.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?