31 декабря 2024 г. 12:32

Президент Жаңа жылды қайда қарсы алады?

Фото: Ақорда

ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Мемлекет басшысы жаңа жылды қалай қарсы алатынын айтты.

Алматы, NEGE. – Мемлекет басшысы Жаңа жылды еліміздің миллиондаған азаматтары секілді өз шаңырағында, туыстарымен бірге мерекелік дастарқан басында қарсы алады. Президенттің Жаңа жылда шетелге шығу немесе демалу туралы жоспары жоқ. Қасым-Жомарт Кемелұлының демалысқа уақыты тапшы деуге болады, - деді Берік Уәли.

Президенттің мереке күндері де жұмыс істеп, құжаттарды қарайтынын белгілі болды.