Президент Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады

 Облыс әкімі баяндамасында Ислам даму банкі 135,5 миллиард теңгеге 24 ирригациялық жобаны қаржыландыруды мақұлдағанын айтты.

Ақорда

Алматы, NEGE.  Түркістан қаласы мен жақын маңдағы 6 ауданды сумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Бәйдібек ата» су қоймасының құрылысы жүргізіліп жатыр. Мақта-тоқыма кластерінде құны 197 миллиард теңге болатын 5 жоба іске асырылады. Сонымен қатар жүгері-сірне зауытының құрылысы басталған.

Түркістан облысында Австралия тәжірибесіне сай ет бағытындағы мал шаруашылығын дамыту қолға алынған. Биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі. Медициналық-санитарлық алғашқы көмек көрсететін 32 нысан пайдалануға беріледі. 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың жаңа басшысына кеше қол қойылған «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» Заңда айқындалған міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеуді тапсырды. Президент облыс тұрғындарының тұрмыс деңгейін жақсарту, туризм, ауыл шаруашылығы және шағын кәсіпкерлік бағыттарын дамыту, елді мекендерді ауыз сумен толықтай қамтамасыз ету міндеттерін жүктеді. 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?