Президент Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер арасында оңайлатылған кеден дәлізін құруды көздейтін заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы оңайлатылған кеден дәлізін құру туралы келісімді ратификациялау туралы»Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», — делінген құжатта.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.