Президент Тоқаев Валентина Матвиенкомен кездесті

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей федералды жиналысы федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенкомен кездесті.

Ақорда

Астана, NEGE. Валентина Матвиенкомен кездесу барысында президент бұл сапарын Қазақстан-Ресей сан қырлы ықпалдастығының айтулы кезеңі ретінде қарастыратынын айтты.

«Бұл сапар елдеріміз арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастық қатынастарды жаңа деңгейге көтеру тұрғысынан тарихи маңызға ие»,- деді Тоқаев.  

Валентина Матвиенко кездесу үшін ризашылығын білдіріп, Қазақстан президентінің мемлекеттік сапарына Ресейдің ерекше мән беріп отырғанын жеткізді.

«Аса құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіздің «Российская газета» басылымына жарияланған мақалаңызды мұқият оқып шықтым. Шынымды айтсам, Ресей-Қазақстан қарым-қатынасына қатысты тұстарына алып-қосарым жоқ. Екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тарихы, бүгіні және болашағы жайында өте терең толғам жасағансыз», - деді Ресей федералды жиналысы федерация кеңесінің төрағасы.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Валентина Матвиенко сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың, сондай-ақ парламентаралық диалогтың өзекті мәселелерін талқылады.

Жоғары деңгейде қол жеткізілген барлық келісімге заңнама тұрғысынан сапалы қолдау көрсетудің және Қазақстан мен Ресей парламенттерінің күш-жігерін үйлестірудің маңызын атап өтті. 

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Валентина Матвиенко екі елдің мемлекетаралық және парламентаралық қарым-қатынасына арналған фотокөрмені тамашалады.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды