Президент «Тассай» индустриалды аймағын аралап көрді

Қасым-Жомарт Тоқаевқа индустриалды аймақта жалпы инвестиция сомасы 44,5 миллиард теңге болатын 33 кәсіпорын ашылғаны жөнінде баяндалды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Сонымен қатар мұнда қосымша 800-ге жуық жұмыс орнын қамтамасыз ететін 9 инвестициялық жоба іске асырыла бастады.

Мемлекет басшысы жеңіл өнеркәсіп, машина жасау, құрылыс және жиһаз өндірісінің өнімдері қойылған көрмемен танысты.

Сондай-ақ Президентке Aksa Enerji Üretim A.Ş компаниясының инвестициялық құны 350 миллиард теңге болатын бу-газ электр стансасының құрылысы туралы мәлімет берілді.

Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД нарығына автотрансформаторлар, маймен істейтін күштік трансформаторлар мен реакторлар шығаратын Asia Trafo зауытының өндірістік желісін аралап көрді.

Қазір оқып жатыр

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Енді шетелдік дәрі-дәрмектер халыққа жылдам жеткізілмек