Президент стипендиясы: Қай салаға басымдық берілді?

Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 16 мамырдағы бұйрығымен биылғы Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы тағайындалды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Құжатқа сәйкес, стипендиялар мемлекеттік органдар арасында келесідей бөлінді:

Ғылым және жоғары білім министрлігі:

— студенттерге — 1014 стипендия;
— магистранттарға — 5 стипендия.

Мәдениет және ақпарат министрлігі:

— студенттерге — 17 стипендия;
— магистранттарға — 1 стипендия.

Денсаулық сақтау министрлігі:

— студенттерге — 4 стипендия;
— магистранттарға — 1 стипендия.

Ауыл шаруашылығы министрлігі:

— студенттерге — 45 стипендия;
— магистранттарға — 1 стипендия.

Осылайша, биыл барлығы 1080 студент пен 8 магистрантқа стипендия тағайындалды.

Ережеге сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің стипендиясы студенттерге оқудың 3-курсы, ал магистранттарға 2-оқу жылы кезеңінен бастап беріледі.
Бұйрық 2025 жылғы 1 тамызда күшіне енеді.