Президент спортшылармен әңгімелесті

Президент спортшылармен әңгімелесіп, мемлекет спорт инфрақұрылымын жақсартуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті

Ақорда

Алматы, NEGE. – Мұнда балалардың футбол ойнайтынын, жеңіл атлеттердің жаттығатынын көріп отырмын. Әрине, спортпен айналысу керек, сондай-ақ салауатты өмір салтын ұстанған жөн. Мен спортты дамытуға баса мән беремін. Баршаңыздың мықты спортшы болуларыңызға, қоғамның басқа да салаларында жетістікке жетулеріңізге тілектеспін. Басты міндет – еліміздің лайықты азаматы болу. Сіздерді мықты маман, Олимпиада чемпионы, спортта үлкен жетістікке жеткен бапкер жаттықтырады. Сондықтан үлгі алатын адамдарыңыз бар, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жергілікті жеңіл атлеттердің басты жетістіктері жөнінде мәлімет берілді. Атап айтқанда, 2023 жылы Астанада өткен Азия чемпионатында Надежда Дубовицкая әйелдер арасында биіктікке қарғып секіруден алтын медальға ие болды. Жақында Тегеранда өткен жеңіл атлетикадан XI Азия чемпионатында Елизавета Матвеева жеңімпаз атанды. Ал өткен жылғы VI Республикалық спартакиадада аймақтың жеңіл атлетика құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды. 

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған