22 сентября 2024 г. 22:50

Президент шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады

Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шахматтан әйелдер құрамасын құттықтады. 

Алматы, NEGE. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

– 2024 жылғы Дүниежүзілік шахмат олимпиадасында күміс медаль жеңіп алған Қазақстанның әйелдер құрамасын құттықтаймын. Бұл – қазақ шахмат мектебі мен шахматшы қыздарымыздың тамаша жетістігі. Спортшыларымыз биік белестерді бағындыра берсін! – деп жазды Мемлекет басшысы өзінің Х әлеуметтік парақшасында.

Мажарстан астанасы Будапешт қаласында өтіп жатқан шахматтан 45-ші Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы шешуші сында АҚШ-қа қарсы ойнайтыны айтылған-ды.