Президент премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновті қайта тағайындауды ұсынды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай отырысында депутаттар қарауына жаңа премьер-министрдің кандидатурасын ұсынды.
Астана, NEGE. Депутаттар премьер-министр лауазымына ұсынылған Олжас Бектеновтің кандидатурасын қолдайтынын жеткізді.
Ақорда баспасөз қызметінің мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев әуелі Құрылтайдағы саяси партиялар фракцияларының жетекшілерімен кездесіп, Олжас Бектеновтің қандидатурасын талқылаған. Кездесуге «Әділет» партиясы фракциясының жетекшісі Ербол Адаев, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі Қайрат Айтуғанов, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» партиясы фракциясының жетекшісі Дания Еспаева, Жалпыұлттық социал-демократиялық партия фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты.
Еске салсақ, Конституцияға сәйкес, Үкімет жаңадан сайланған Құрылтай алдында өз өкілеттігін тоқтатқан болатын. 28 тамызда Президент тиісті жарлыққа қол қойды.
Таяуда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев журналистерге арналған брифингте Үкімет жұмысына баға беріп, алаңдауға немесе оған сын айтуға қандай да бір негіз жоқ екенін атап өткен еді. Сондай-ақ ол «Үкімет жұмысына қан жүгірту үшін» кадрлық өзгерістер жоспарланғанымен, жай сылтаумен біреуді жұмыстан шығаруға қарсы екенін баса айтқан болатын.