Президент Кувейт Мемлекетінің Әміріне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахты Кувейт Мемлекетінің Ұлттық күнімен құттықтады.

Ақорда

Астана, NEGE. Мемлекет басшысы жеделхатта Кувейтті Таяу Шығыс пен ислам әлеміндегі саяси және экономикалық тұрғыдан беделді ел ретінде бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ мемлекеттеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген сан қырлы саладағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі үшін алдағы уақытта да қарқынды дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Мишааль әл-Ахмад әл-Джабер ас-Сабахтың жауапты қызметіне толайым табыс, ал бауырлас Кувейт халқына бақ-береке тіледі.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады