Президент Қорғаныс министрін қызметінен босатты

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Фатихұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады.

ҚР ҚМ баспасөз қызметі

— Мемлекет басшысының Жарлығымен Жақсылықов Руслан Фатихұлы Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметінен босатылды, — делінген хабарламада.

Қорғаныс министрі лауазымына Дәурен Жұматайұлы Қосанов тағайындалды. Тиісті Жарлыққа Президент қол қойды.