Президент қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Ғани Қалиевтің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі саясаткер және қоғам қайраткері, ғалым Ғани Қалиевтің дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты.

– Ғани Әлімұлы ауыл шаруашылығы саласының алға басуына бар күш-жігерін жұмсады. Парламент депутаты, «Ауыл» партиясының төрағасы ретінде еліміздің саяси-демократиялық дамуына атсалысып, отандық заңнаманы жетілдіруге зор үлес қосты. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын, – деп жазылған жеделхатта.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды