Президент Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Алматы, NEGE.  Жеделхатта Сицзан автономиялық ауданының Шигацзе қаласында болған жойқын жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Сонымен қатар Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас қытай халқына көңіл айтып, апатта жараланғандардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдірді.

Еске салсақ, Сицзан автономиялық ауданы (Қытайдың оңтүстік-батысы) Шигацзе қаласындағы Динжи уезінде магнитудасы 6,8 балдық жер сілкінісі болды. Соңғы мәліметтер бойынша табиғи апат салдарынан 53 адам көз жұмды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Путиннің келуіне байланысты бірнеше күнге көлік қозғалысы шектеледі

Алматыда университет жатақханасында қыздар төбелесіп, бір-біріне дене жарақатын келтірген

Қазақстан «Газпромға» қатысты АХҚО сотының шешімін орындамайды

Қарақұмның базынасы: Бір шағымнан кейін ауыл халқы жол азабын тартып отыр