Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасын қабылдады

Президент «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповты қабылдады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Мейіржан Юсупов «Қазатомөнеркәсіптің» былтырғы атқарған жұмыстарының нәтижесі туралы есеп беріп, компанияның қысқа мерзімді және орта мерзімді перспективаға арналған мақсаттары мен жоспарларын таныстырды.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша уран өнімдерін өндіру көлемі 21 мың тоннадан, ал сату көрсеткіші 18 мың тоннадан асқан.  2023 жылы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы тасымалданған уран өнімдерінің үлесі айтарлықтай артқан.

Қазақстаннан батыс елдеріне жөнелтілген уранның 64 пайызы осы транзит дәлізі арқылы тасымалданған.

«Қазатомөнеркәсіп» компаниялар тобы жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндіріс орындары орналасқан өңірлерді дамытуға және қолдауға бағытталған әлеуметтік маңызы бар жобалар туралы мәлімет берді. Минералдық-шикізаттық базаны кеңейту және толықтыру жұмыстары жайында айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазатомөнеркәсіп» жұмысының тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді. 

Қазір оқып жатыр

21 наурыз – «Ынтымақ күні»

Журналист Ботагөз Омарова үйқамаққа алынды

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды