Президент қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Ұлттық кітап күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

Ақорда

Астана, NEGE. Президент өз сөзінде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатқанына қарамастан, қоғам кітап оқуға бет бұрып келе жатқанын атап өтті.

«Баршаңызды Ұлттық кітап күнімен құттықтаймын! Қазіргі кезеңде баспа ісінде ауқымды өзгерістер болып жатыр. Соған қарамастан, кітап рухани және адами құндылықтардың қайнар көзі ретінде ешқашан мән-маңызын жоғалтпайды. Қазір қоғамның кітап оқу мәдениетіне, соның ішінде классикалық көркем шығармаларды немесе бүгінгі заманның өзекті мәселелеріне арналған жарияланымдарды оқуға біртіндеп қайта бет бұрып жатқаны байқалады. Осы оң үрдіс жастар арасында да кеңінен таралып келеді. Жаппай цифрландыру және Жасанды Интеллектінің үстемдігі арта түскен уақытта оқу мәдениеті ұлт сапасының бірден-бір өлшемі ретінде халқымыздың бітім-болмысына тән айнымас қасиет болып қала беруге тиіс», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының алдағы екі апта ішінде оқу мәдениетін кеңінен насихаттау және оқуға құштар, зияткер ұлт қалыптастыру шаралары туралы арнаулы Жарлыққа қол қоятыны мәлім болды. 

Қазір оқып жатыр

Сарбаз Қазыбек Оспановтың қазасына қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды

Астанада тұрғын үй кешенінің төбесінен құлап кете жаздаған жігіт қамауға алынды

Air Astana мамырдың соңына дейін Дубайға әуе рейстерін орындамайды

Щучинскіде дәмханада болған жарылыс: тағы екі адам ұсталды