Президент «Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Заң Қазақстан Республикасының аумақтық қорғанысы саласындағы мемлекеттік саясатының ұйымдық-құқықтық негізін қалыптастырады және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді.

Ақорда

Алматы, NEGE. Бұдан бөлек, Заң аумақтық қорғанысты материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселелерін реттейді. Қорғаныс министрлігіне тиісті функциялар бере отырып, аталған салаға мемлекеттік бақылау енгізілді. Құжат аумақтық қорғаныстың тиімді жүйесін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Тиісті шараларды ұйымдастыруға және жеткілікті деңгейде қаржыландыруға байланысты бірыңғай тәсілдердің қағидаттары айқындалды. Қазақстанда аумақтық қорғаныс күштері COVID-19 пандемиясы кезінде, сондай-ақ 2020 жылы Сардоба су қоймасындағы жарылыс салдарын жоюға, 2022 жылы Қостанай облысындағы орман өртін сөндіруге, 2024 жылы еліміздің солтүстік-батыс өңірлерінде болған су тасқынын еңсеруге жұмылдырылды. 

Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?