Президент: Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми-технологиялық орталыққа айналуы керек

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда ғылыми қауымдастық өкілдерімен кездесу барысында Қазақстанның болашағы ғылым мен білімнің дамуына тікелей байланысты екенін айтты.

Ақорда

Мемлекет басшысы Қазақстан Еуразиядағы жетекші ғылыми және технологиялық орталыққа айналуы тиіс екенін айтты. Оның сөзінше, бұл мақсатқа жету үшін ең алдымен адам капиталының сапасын арттыру қажет.

«Еліміздің ғылыми және академиялық қауымдастығының барлық өкіліне қарата айтқым келеді. Қазақстанның ертеңі қандай болады, қаншалықты жаңашыл әрі озық елге айнала аламыз? Бұл сіздердің идеяларыңызға, зерттеулеріңізге, жұмыстарыңыздың нәтижесіне, ашқан жаңалықтарыңызға тікелей байланысты. Баршамыз күш жұмылдыра отырып, Қазақстанды Еуразиядағы жетекші ғылыми және технологиялық орталыққа айналдыра алатынымызға сенемін», – деді Президент.

Тоқаев сондай-ақ болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік туралы да айтты. Оның пікірінше, келер ұрпақ қазіргі буынның кейбір кемшіліктерін кешіруі мүмкін, бірақ елді әділетті әрі қуатты мемлекетке айналдыру мүмкіндігін жіберіп алғанын кешірмейді.

«Келер ұрпақ біздің кейбір кемшіліктерімізге көз жұма қарайтын шығар. Бірақ олар Қазақстанды Әділетті, Қуатты мемлекетке айналдыратын, заң мен тәртіп, тазалық, табиғатты аялау, білім және ғылым салтанат құратын мүмкіндікті мүлт жібергенімізді ешқашан кешірмейді. Қазақстан осындай ел болуы керек. Біздің түпкі мақсатымыз – осы».

Қазір оқып жатыр

Небәрі 29 жоба және 11 қылмыстық іс: Тоқаев Ғылым қорын сынға алды

Астанада Тасмағамбетов кезінде басталған көшенің «жыры» әлі бітпеген

Шымкентте жоғарғы сынып оқушысы өзінен кіші баланы тепкілеп кеткен

Жас балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыстан шығаруға тыйым салынбақ