Президент қазақ-қырғыз шекарасында сауда-логистикалық кешен салу туралы заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Министрлер Кабинеті арасындағы «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері ауданында индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 

Кешен «Қарасу» және «Ақ-Тілек» автожол өткізу пункттері жанында орналасады және өндірістік алаңдардан, тауарлар мен жабдықтарды сақтауға арналған қоймалардан, сондай-ақ көлік инфрақұрылымынан тұрады.

Мұнда сүт, ет, жидек-көкөніс, тоқыма және фармацевтика өнімдерін өндіру сияқты кооперациялық жобаларды іске асыруға жағдай жасалмақ.

Индустриялық сауда-логистикалық кешенді құру және оның қызметін реттеу туралы келісімді ратификациялау Қазақстан-Қырғызстан арасындағы сауда және экономикалық байланыстарды нығайтуға әсер етеді және тауар айналымын $3 млрд дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда қолы қанға малынған ер адам сұлулық салонына кіріп, дүрбелең туғызды

Президент үй жануарларын азаптағандарды қатаң жазалауды тапсырды

Бекіре тұқымдас балық пен уылдырық сатып алғандар жауапқа тартылады

Петропавлда темекі тұқылынан көппәтерлі үй өртеніп, 100-ден астам адам эвакуацияланды