3 апреля 2025 г. 16:24
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқанд қаласына келді
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқанд қаласына келді.
Мемлекет басшысын әуежайда Өзбекстан Премьер-министрі Абдулла Арипов қарсы алды.