Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті

Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективалары талқыланды.

Ақорда

Алматы, NEGE. Сондай-ақ Қазақстан Президентінің биыл ақпан айында Қатарға жасаған мемлекеттік сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды тиімді жүзеге асыруға ерекше назар аударылды.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Қатардың қарым-қатынасы қарқынды дамып келе жатқанын айрықша атап өтіп, екі ел арасындағы сан қырлы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен ШЫҰ-ның Астанада өтетін алдағы саммиті барысында кездесуге ниетті екенін атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Қанат Бозымбаев Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының екінші толқынының өту барысын тексерді

Олжас Бектенов Алматы тау кластері мен Almaty Superski жобаларын жүзеге асыру қарқынын жеделдетуді тапсырды

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті