Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «АЛЖИР» мемориалында қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Нұр-Сұлтан іргесіндегі «АЛЖИР» музей-мемориалдық кешеніне барды, деп хабарлайды Ақорда.

Aqorda

АСТАНА, NEGE. Мемлекет басшысы мемориалға гүл шоқтарын қойып, жазықсыз жазаланған азаматтардың рухына тағзым етті. Президент зұлмат жылдары қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Фото: Aqorda

«АЛЖИР» – Кеңестік тоталитарлық жүйенің қасіретін еске салатын маңызды тарихи орын. Мұнда қуғын-сүргінге ұшыраған әйелдер мен олардың отбасылары туралы тың деректер мен құжаттар сақталған.

Айта кетейік, 31 мамыр – елімізде саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні ретінде 1997 жылы белгіленген. Бұл – халқымыздың басынан өткерген ауыр тарихи кезеңдерін ұмытпай, жазықсыз жапа шеккендердің есімін ардақтау күні.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды