Президент Хорватия Премьер-министрі Андрей Пленковичпен кездесті

Президент Хорватияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді серіктесі ретінде атап өтті.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Андрей Пленкович екіжақты қарым-қатынасты, соның ішінде сауда-экономика, инвестиция және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықтың қазіргі жай-күйін талқылады.

Кездесуде энергетика секторындағы бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Мемлекет басшысы Қазақстанда жұмыс істеп жатқан хорватиялық компанияларға қолдау білдірді.

Бұдан бөлек, виза режимін оңтайландыру мәселесі қарастырылды. Орайлы сәтті пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Хорватия Премьер-министрін келесі жылы өтетін Астана халықаралық форумына шақырды. Ал Андрей Пленкович Қазақстан Президентіне Хорватияға сапармен келуге ұсыныс білдірді.

Қазір оқып жатыр

Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді

Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі

Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты

«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді