Президент халықаралық конференцияға қатысу үшін Самарқандтағы Конгресс-орталыққа келді

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Самарқандтағы Конгресс-орталыққа келді, деп хабарлады Ақорда. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевты Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев күтіп алды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия – Еуропа Одағы» саммиті мен «Жаһандық климат сын-қатерлері кезеңіндегі Орталық Азия» халықаралық конференциясына қатысу үшін Өзбекстанда жұмыс сапарымен жүр. 

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самарқандта Еуропалық Кеңес Президенті Антониу Коштамен, Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйенмен және Өзбекстан президенті  Шавкат Мирзиёевпен кездесу өткізеді.

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды