Президент: Ғылымы дамыған ел кез келген сын-қатерге төтеп бере алады

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымы дамыған ел кез келген сын-қатерге төтеп бере алатынына баса мән берді.

Ақорда

Астана, NEGE. Сондай-ақ Қазақстанның болашағы отаншыл әрі білікті ғалымдардың қолында екенін, мемлекет оларға жан-жақты қолдау көрсете беретінін атап өтті.

– Біздің ортамызда майталман мамандар отыр. Арамызда бүкіл саналы ғұмырын ғылым-білімге арнаған ардагерлер мен дарынды жас ғалымдар да бар. Баршаңызға тағы да алғыс айтамын, – деді Мемлекет басшысы.