Президент Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Абу Дабидің орнықты даму аптасы» саммитінің жұмысына қатысу үшін Біріккен Араб Әмірліктеріне жұмыс сапарымен келді. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаевты Абу Даби әуежайынан БАӘ Вице-президенті шейх Мансұр бен Заид Әл Нахаян және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.

Ақорда

Мемлекет басшысы БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді.

Сондай-ақ осы елдің іскер топтары өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.