Президент бірыңғай QR жүйесіне қосылмаған ірі банктерді сынға алды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Digital Qazaqstan жобасы бойынша кеңес өткізді.

Ақорда

Астана, NEGE. Жиында Президент ірі банктердің банкаралық QR-төлемдер жүйесіне қосылу туралы талапты орындамай отырғанын атап өтті.

«Азаматтарға арналған банк қызметтеріне айрықша тоқталғым келеді. Менің тапсырмаммен Ұлттық банк цифрлық қаржы инфрақұрылымын жасады. Оның аясында банкаралық QR-төлемдер және аударымдар, цифрлық теңгемен есеп айырысу қызметтері пайда болды. Бұл төлем тізбегіндегі делдалдар санын қысқарту арқылы шығынды айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Банктер заң жүзінде аталған инфрақұрылымға қосылуға міндеттелді. Алайда ірі банктер бұл талапты созбалаңға салып, орындамай отыр», – деді Мемлекет басшысы.

Президент цифрлық төлем инфрақұрылымына қатысты мәселені жеделдетіп шешуді тапсырды.

 

 

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?