Президент Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты

Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Ұлттық Банк төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. 

Ұлттық банк

Астана, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, Берік Шолпанқұлов BES.media-ға берген сұхбатында қазақстандық банктердің бірі арқылы сыртқа 7 трлн теңге қаржы транзакцияланғаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Ол президент айтқан 7 трлн теңге міндетті түрде заңсыз шығарылған қаражат емес екенін айтты. Оның пікірінше, бұл сома банктердегі жалпы ақша айналымының көлемі болуы мүмкін. Ол бұған күн сайын екі адамның бір-біріне ақша аударып отырғанын мысалға келтірді.

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Қасым-Жомарт Тоқаевтың жалған ақпарат таратпайтынын мәлімдеді.

«Егер ол 7 трлн теңге көлемінде транзакциялар (қаражат аудару) болғанын айтса, демек, солай болған. Негізі бұл ақпарат Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен кеңеске қатысушыларға арналған болатын», – деді Смадияров.

Смадияровтың айтуынша, президенттің мұны жалпы жұртшылықтың талқылауына салу ойында болмаған. Яғни, ол мұны тек қызметтік сипатта айтқан. Ал транзакцияларды өткізген банк әңгіменің өзі жайында екенін біліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Ақмола облысында ерлі-зайыпты суррогат анамен соттасып, ақшасын қайтарып алды

Концерттерге жалған билеттер сатылуда – ІІМ

Шерзат Полаттың қазасы бойынша сот үкімі өзгеріссіз қалды

Тоқаев Мадьярды сайлаудағы жеңісімен құттықтады