2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы жалпыұлттық аза тұту күні 25 сентября 2026 года – День общенационального траура в Республике Казахстан

Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифа мен оның отандастарын Бахрейн Корольдігінің ұлттық мерекесі –Тәуелсіздік күнімен құттықтады.  

Aqorda

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы жеделхатында Қазақстанның Бахрейнді араб әлеміндегі және Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен. Сондай-ақ дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенімді екенін жеткізген.

Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифаға ұзақ ғұмыр, Бахрейн халқына бақ-береке тіледі.