1 сентября 2025 г. 16:51

Президент Ауғанстан басшылығына елдегі қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтты

Фото: ғаламтордан
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Астана, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан басшылығына аталған елде болған зілзала салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты көңіл айтты.

Ауғанстанның шығысында болған алты балдық жер сілкінісінен 800-ден астам адам қаза тауып, шамамен 2 800 адам түрлі жарақат алды.