Президент Астана және Қазақстан митрополиті Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы митрополит пен барша православ қауымын Пасха мерекесімен құттықтады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Қасым-Жомарт Тоқаев Православ шіркеуінің дәстүрлі және отбасылық құндылықтарды насихаттауға, жас ұрпақты тәрбиелеу мен еліміздің бай мәдени мұрасын сақтауға елеулі үлес қосып келе жатқанын атап өтті.

Президент митрополит Александрды I дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады. Бұл оның Қазақстандағы қызметіне 15 жыл толуына орай, сондай-ақ бейбітшілік пен келісімді нығайтудағы еңбегі үшін беріліп отыр.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады

«Алимент қайда кетіп жатыр?»: Балаға төленетін ақшаға бақылау күшейеді

Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын жұмысқа алды

Қырғызстанда Ташиевке төңкеріс жасауға әрекеттену ісі бойынша айып тағылды