Президент «АЛЖИР» музейінде тарихи жәдігерлермен танысты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы «АЛЖИР» – саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының музей-мемориалдық кешенін аралап көрді, деп хабарлайды Ақорда. 

Ақорда

АСТАНА, NEGE. Президент тоталитарлық жүйе құрбандарының өмірінен сыр шертетін бірегей құжаттармен, архив материалдарымен, тұтқын әйелдердің жеке заттарымен танысты. Мұнда 1938–1953 жылдары мыңдаған әйел адам аса ауыр жағдайда жазасын өтеген.

Фото: Ақорда

«АЛЖИР» – қазақ халқымен қатар көптеген өзге ұлт өкілдері де қуғын-сүргінге ұшыраған қаралы жылдардың куәсі. Бұл музей – сол зұлмат заманды еске салып, тарихи әділдікті қалпына келтіруге бағытталған маңызды жалпыұлттық ескерткіштердің бірі.

Президент естелік кітапшаға қолтаңба қалдырып, қуғын-сүргін құрбандарына тағзым етті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды