Президент Әкімшілігі Алматы әкімі қызметінің тиімділігіне сараптама жүргізеді

Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлімдеді.

Ақорда

Алматы, NEGE. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын.

— Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылдың 28-29 наурыз күндері Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында Ерболат Досаевқа қаланы жан-жақты дамытуға қатысты тапсырма берген болатын. Осыған сәйкес, қала әкімдігі нақты іс-шаралар жоспарын әзірледі. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау жөніндегі есеп бекітілген тәртіп бойынша дайындалып, мерзімінде ұсынылып отыр. Әкім қызметінің тиімділігіне Президент Әкімшілігі сараптама жүргізеді. Атқарылған жұмыстардың нақты нәтижелері бойынша Алматы қаласы әкімдігі ақпараттандырып отырады, — деп жазды Руслан Желдібай.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты