Премьер-министрге қастандық жасалды
Гаити премьер-министрі Ариэль Анриге Тәуелсіздік күнін тойлау кезіндегі қастандық жасалды. Анри қазір аман-есен, деп хабарлайды VTV.
Алматы, NEGE. «Гонайвес қаласының соборында атыс болып, салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, бірнеше адам жараланды. Гаити премьер-министрі зардап шеккен жоқ», – делінген арна сайтында.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, аймақта аты шыққан қарулы бандалар үкімет басшысына Гонайвеске баруды ескерткен.
Қастандық әрекеттен кейін билік 1804 жылы 1 қаңтарда жарияланған Гаитидің Франциядан Тәуелсіздік күнін тойлауға жоспарланған басқа іс-шараларды тоқтатты.