20 сентября 2022 г. 15:19
Премьер-министрдің хаттама басшысы тағайындалды
Серік Әшіров премьер-министр хаттамасының басшысы болып тағайындалды.
Алматы, NEGE. "Премьер-министрдің өкімімен Серік Кеңесұлы Әшіров премьер-министр хаттамасының меңгерушісі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Бұған дейін ол С-3 санаты (1 бірлік) Мемлекеттік хаттама қызметінің халықаралық іс-шараларды қамтамасыз ету басқармасының басшысы лауазымын атқарған.
Серік Әшіров 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды халықаралық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.